Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!
20 сәуірден бастап облыс аумағында халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция басталады.
Осыған орай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақты полиция органдарына ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. Ерікті түрде тапсырған тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Сонымен қатар, тапсырылған қару үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ақшалай сыйақы қарастырылған.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында табылған немесе күдік тудыратын жарылғыш заттарды өздігінен қозғамауды, тасымалдамауды сұраймыз. Мұндай жағдайларда дереу полиция бөлімдеріне немесе 102 арнасына хабарласу қажеттігін ескертеміз.
Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!