“Таза Қазақстан”: Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 1500-ден астам дерегі анықталды

“Таза Қазақстан”: Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 1500-ден астам дерегі анықталды

Өңірде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Атырау облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасымен қоғамдық тәртіпті сақтау және елді мекендердің санитарлық жағдайын бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 1426 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 129 дерек тіркелді. Мәселен, 1997 ж.т. азамат көше бойындағы жұмыс нысанының айналасында тазалық талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Сондай-ақ, вокзал маңындағы шағын маркет қызметкерлері тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастағаны үшін 505-баптың 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы ретте, полицейлер өңір тұрғындарына тазалық талаптарын қатаң сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен тазалық – баршамызға ортақ міндет.