Департамент бастығының қатысуымен саптық жиын өтті

Департамент бастығының қатысуымен саптық жиын өтті
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеевтің қатысуымен Сұлтан Бейбарыс алаңында жеке құрамның және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық сап түзеуі өткізілді. Осы ретте, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет етеді.
- Жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, жалпы, тұтастай аудан аумағында құқық бұзушылықты болдырмау және жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстарды атқарады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түнгі рейдтер, жаяу патрульдеу және профилактикалық жұмыстар арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Біз үшін әрбір азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігі маңызды, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.
Сондай-ақ, референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар полицейлер Ішкі істер министрінің грамотасы және департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, Атырауда құқықбұзушылықты анықтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін болдырмау мақсатында «Қауіпсіз қала» және «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.