Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев Қызылқоға ауданына қызметтік сапармен барды. Іссапар барысында департамент бастығы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бөлім қызметінің тиімділігін арттыру және жұмыс сапасын жетілдіру мәселелерін талқылады.
Сондай ақ, бөлімнің күнделікті қызметінің ұйымдастырылу деңгейі мен материалдық-техникалық жабдықталуы тексеріліп, қызметті жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Қызылқоғалық тұрғындармен және жергілікті кәсіпорын қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалды. Департамент бастығы жеке құрамға қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, тұрғындармен ашық әрі тиімді байланыс орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Сондай-ақ, профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша жұмыстар жүктелді.