Атырау облысының Қызылқоға ауданында орналасқан Сағыз ауылы — өңірдегі берекелі де бірлігі жарасқан елді мекендердің бірі. Облыс орталығынан шамамен 250 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда бүгінде 1500-ден астам тұрғын үй бар, 9 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Елдімекенде 3 мектеп, 1 колледж, 3 балабақша жұмыс істейді.
Сағыз ауылы тек инфрақұрылымымен ғана емес, қоғамдық тәртіптің жоғары деңгейімен де ерекшеленеді. Мұнда ауыл тыныштығын қамтамасыз ететін 5 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Олар тәулік бойы ел ішіндегі қауіпсіздікті бақылап, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігі — тәртіп сақшыларының басты назарында.
Учаскелік инспекторлар ауыл халқымен тығыз байланыс орнатып, сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастырған. Халық та өз кезегінде полиция қызметкерлеріне құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға бірлесе атсалысады. Осындай өзара түсіністік пен жауапкершіліктің арқасында Сағыз ауылында тұрақтылық пен тыныштық сақталып отыр.
Бұл ауыл — құқық қорғау органдары мен тұрғындардың бірлігі арқылы қалыптасқан қауіпсіз ортасымен ерекшеленетін елді мекен. Мұнда қызмет ететін учаскелік полиция инспекторлары ауыл тыныштығының кепілі болып, халықтың сеніміне ие болып келеді.