Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев қызметтік іссапармен бірқатар бөлімшелерді аралап, олардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында №1 қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, қызмет тиімділігін арттыру, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және халық сенімін нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Атырау облысы ПД емханасы бар госпиталінің қызметі қаралып, полиция қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және сапалы медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, Балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің жұмысы қаралып, браконьерлікпен күресті күшейту және су айдындарындағы бақылауды арттыру бағыттары белгіленді.