Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Үздік тергеуші – 2026» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауда Атырау облысының намысын қорғаған полиция капитаны Ғабит Жақсылықұлы «Үздік таныстыру» номинациясына ие болды.
Атырау облысы полиция департаменті Ғабит Жақсылықұлын жетістігімен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыстар тілейді.