Шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру тәртібіне өзгерістер енгізілді

Шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру тәртібіне өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасында шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметінің аумақтық органдары Халыққа қызмет көрсету орталығы және Құжаттарды қабылдау жүйесі арқылы көрсетеді. Қызмет шетелдікке Қазақстанда тұрақты тұру үшін иммигранттың критериялық бағалаудан өткені туралы хабарлама берілгеннен кейін ұсынылады. Сонымен қатар, азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы немесе шетелге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты растайтын басқа құжат қажет (халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, босқындарды қоспағанда).
Құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру иммигранттың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі – 45 күнтізбелік күн.
Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен куәландырылуы тиіс.
Шетелдік құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес апостиль қойылған немесе заңдастырылған жағдайда қабылданады.