Департамент бастығы Жылыой ауданына қызметтік іссапармен барды

Департамент бастығы Жылыой ауданына қызметтік іссапармен барды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев Жылыой ауданына қызметтік іссапармен барды.
Іссапарда басшы Жылыой аудандық полиция басқармасының жеке құрамымен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен кері байланысты орнату мақсатында атқарылған жұмыстарды талқылады.
Сонымен қатар, учаскелік полиция бекеттеріне барып, учаскелік инспекторлардың қызметімен танысты. Тұрғындармен өзара іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық жұмыстардың жүргізілу деңгейі назарға алынды.
Іссапар аясында Теңіз қалашығындағы полиция бөлімшесі қызметінің жай-күйі тексеріліп, өндірістік аймақта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіптің сақталу мәселелері қаралды.
Көтерілген мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, жеке құрамға қызметтік тәртіпті күшейту, тұрғындармен кері байланысты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру міндеттелді.