Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі өсімдігін заңсыз өсірген бұрын сотталған 54 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің жеке пәтерін тінту кезінде 5 келіден астам 62 түп қарасора табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 300 – бабы 1 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.