Департаментте мереке қарсаңында саптық жиын өтті

Департаментте мереке қарсаңында саптық жиын өтті
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің қатысуымен департамент алаңында жеке құрамның сап түзеуі өткізілді. Осы ретте, тәртіп сақшылары Наурыз мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарады.
Жиын барысында жеке құрамның саптық дағдылары, ұқыптылығы, сыртқы келбеті мен нысандық киім үлгісін талапқа сай сақтауы басты назарға алынды. Сонымен қатар, қызметкерлерге мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
- Мереке күндері жеке құрам қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және жалпы аудан аумағында құқық бұзушылықты болдырмау әрі жолын кесу бағытында кешенді жұмыстарды жалғастырады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері түнгі рейдтер, жаяу патрульдеу және профилактикалық іс-шаралар арқылы тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда. Біз үшін әрбір азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігі маңызды,- деді департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев.