Атырау облысы аумағында 2-20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат - қару айналымы саласындағы заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қызметтік және спорттық қаруды пайдаланатын ұйымдарда қаруды сақтау, есепке алу, пайдалану және алып жүру тәртібінің заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріледі.