«Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты волейбол турнирі өтті

«Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты волейбол турнирі өтті
Жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Атырауда «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен волейболдан турнир ұйымдастырылды. Бұл спорттық іс-шара Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бұқаралық спортты дамыту спорт клубының бірлесуімен өткізілді.
Турнирге 40-қа жуық жастардан құралған аула командалары қатысып, өзара бақ сынап, командалық ойын мен салауатты өмір салтының маңызын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен ойыншылар арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, турнирге белсенді қатысқан жастарға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.