Департаментте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Департаментте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының жеке құрамы қатысты.
Кеңес барысында 2026 жылдың екі айындағы жұмыс нәтижелері қаралып, профилактикалық бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті деңгейде жедел жағдайды тұрақты бақылауда ұстау, ахуалға талдау жүргізу және профилактикалық шараларды жүйелі ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, екі айда республикалық және облыстық деңгейде бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілгені айтылып, олардың нәтижесінде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгені атап өтілді.
Кеңес барысында алдағы уақытта профилактикалық жұмыстарды одан әрі жетілдіру, тұрақты бақылауды күшейту және басқару тиімділігін арттыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.