Атырауда Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында күдіктінің қоғамдық автокөліктерде ұрлық жасап, ұрланған заттарды әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды. Қаіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.