Департамент бастығының орынбасары мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Департамент бастығының орынбасары мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Осы орайда, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев Әл-Фараби атындағы Binom school мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізіп, кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік пен қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында қоғамдық орындарда жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, нақты мысалдар келтірілді. Сондай-ақ аталған әрекеттер үшін заңнамада қарастырылған жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді.
– Жеке тұлға болып қалыптасу кезеңінде ата-ана, мұғалім және тәртіп сақшылары тығыз байланыста болып, әрбір жасөспірімнің тәрбиесі мен тәртібіне дер кезінде көңіл бөлсе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға оң ықпалын тигізері сөзсіз, – деді полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев.