Департамент бастығы іссапармен Индер ауданына барды

Департамент бастығы іссапармен Индер ауданына барды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Индер ауданына барды.
Қызметтік іссапар барысында басшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ, учаскелік полиция пункттері мен бекеттерді аралап, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін тексерді.
Бұдан бөлек, аудандағы учаскелік полиция пунктінде ашылған профилактикалық кабинеттің жұмыс барысымен танысты. Профилактикалық бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру, тұрғындармен түсіндіру іс-шараларын жүйелі жүргізу және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сапар аясында тұрғындармен және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, азаматтардың ұсыныстарын тыңдады. Жеке құрамға қызметтік тәртіпті сақтау және халықпен тиімді жұмыс жүргізу жөнінде нақты міндеттер жүктелді.