Департамент бастығы Махамбет ауданына барды

Департамент бастығы Махамбет ауданына барды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Махамбет ауданына барды.
Іссапарда басшы Махамбет ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен кері байланысты орнату мақсатында атқарылған жұмыстарды талқылады.
Сонымен қатар, учаскелік полиция бекеттерін аралап, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін тексерді.
Қызметтік автокөліктердің, арнайы құралдардың жай-күйіне назар аударды.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың ұсыныстарын тыңдады.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, оларды заң аясында шешу үшін тапсырмалар берілді.
Жеке құрамға қызметтік тәртіпті сақтау, халықпен ашық әрі тиімді жұмыс жүргізу, қылмыстың алдын алу шараларын күшейту бағытында нақты міндетемелер қойылды.