Облыс аумағында 15–22 ақпан аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құқықбұзушылықтарды болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы ретте, сіздерді отбасындағы құқықбұзушылықтарға бейжай қарамауға, зорлық-зомбылық белгілері немесе құқықбұзушылық туралы ақпарат білсеңіз полицияның «102» арнасына хабарласуыңызды сұраймыз.
Есте сақтаңыз! Тұрмыстық зорлық-зомбылық — заңмен жазаланатын құқықбұзушылық.
Қауіпсіз қоғамды бірге құрайық!