18–21 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында «Резеңке пәтер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және нақты тұру мәселелері бойынша көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.
Тексеру барысында құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы азаматтары мен елімізде тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарының тіркеу талаптарын сақтауын тексереді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Аталған талаптарды бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.