Атырауда облыс аумағында 15-22 ақпан күндері “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты – отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстарды, ауыр қылмыстарды алдын алу, жолын кесу және криминогендік жағдайды бақылау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларды аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданады.