Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқаруда. Жүргізілген іс-шара барысында республикалық маңызы бар тас жолдарда жылдамдықты белгіленген мөлшерден асыру, мас күйінде көлік басқару, жүргізу құқығынан айырылған тұлғалардың рөлге отыруы, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзудың 900-ге жуық дерегі анықталды. Аталған құқық бұзушылықтарға жол берген жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 608 және 590-бабына сәйкес әкімшілік хатаммалар толтырылып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.