Атырау облысы полиция департаментінде жас қызметкерлерге алғашқы офицерлік шендері табысталды.
Полицияға қабылданған жас мамандарға арнаулы атақтарды департамент бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев табыстады.
Салтанатты шара барысында департамент бастығы жас офицерлерді құттықтап, бұл күн олардың еңбек жолындағы маңызды кезең екенін атап өтті.
- Офицерлік шен, бұл – халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздерге заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Анттарыңызға адал болып, кәсіби біліктіліктеріңізді үнемі жетілдіріп, ел тыныштығы үшін аянбай қызмет етеді деп сенемін, – деді полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.