Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жедел әрі тұрақты түрде жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметтер көрсету барысында, яғни бірыңғай 1414 байланыс орталығы арқылы 1937 ж.т. Атырау қаласының тұрғыны жеке куәлігінің мерзімінің өтуіне байланысты жаңа құжат рәсімдеу жөнінде өтініш берген.
Аталған өтініш негізінде Атырау қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімі мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бірлесіп, азаматшаны құжаттандыру жұмыстарын ұйымдастырып, тиісті қызмет көрсетті.
89 жастағы тыл ардагері көрсетілген мемлекеттік қызметке ризашылығын білдіріп, қызметкерлерге алғысын айтты.