Полицейлер рұқсатсыз қайта жабдықталған автокөліктерді анықтады

Полицейлер рұқсатсыз қайта жабдықталған автокөліктерді анықтады
Атырау қаласы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері профилактикалық шаралар жүргізуде. Іс-шара барысында техникалық талаптарға сай емес, рұқсатсыз қайта жабдықталған бірнеше автокөлік тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде бірнеше көлік құралдарына заңсыз өзгерістер енгізілгені анықталды. Жүргізушілерге қатысты «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, екі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Көліктер айып тұрағына қойылды.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес пайдалануға шақырады.