Көлік жүргізушілеріне онлайн алаяқтықтан сақтану ережелері түсіндірілді

Көлік жүргізушілеріне онлайн алаяқтықтан сақтану ережелері түсіндірілді
Бүгінгі таңда цифрлық қызметтер өміріміздің барлық саласына еніп, онлайн сауда, мобильді банкинг және түрлі электронды сервистерді пайдалану күнделікті дағдыға айналды. Алайда технологияның дамуы интернет-алаяқтық деректерінің көбеюіне де себеп болуда.
Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысына қатысушылар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға алаяқтардың кең таралған әдістері — жалған интернет-дүкендер, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалатын алаяқтар, сондай-ақ танымал мессенджерлер мен қосымшалар арқылы жеке деректерді алдау жолымен иемдену тәсілдері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жол қозғалысы кезінде тоқтатылған көлік жүргізушілеріне интернет-алаяқтықтың негізгі белгілері мен одан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылып, жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қоңырауларға сақтықпен қарау жөнінде нақты кеңестер берілді.