
Атырау қаласында өткен «Жыл адамы – 2025» республикалық байқауында Атырау қаласы полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Медихан Бахонов еліміздің дамуына қосқан үлесі мен кәсіби жетістіктері үшін «Жыл адамы» номинациясымен марапатталды.
Медихан Бахоновтың еңбегі жоғары бағаланып, оның кәсіби талаптарға толық сай екені атап өтілді. Салтанатты марапаттау рәсіміне еліміздің қоғам қайраткерлері мен белгілі тұлғалар қатысты.
Айта кетейік, полиция подполковнигі Медихан Кенжетайұлы 2009 жылдан бері учаскелік полиция инспекторы қызметін абыроймен атқарып келеді. 20 жылға жуық уақыт бойы тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болып, өзіне бекітілген әкімшілік аумақтағы әрбір азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүр. Оның қызметіне деген адалдығы мен жауапкершілігі тұрғындар арасында зор беделге ие болуына себеп болды.
Бұл марапат – Медихан Кенжетайұлы Бахоновтың кәсіби шеберлігі мен адал қызметінің айқын дәлелі.