Атырауда есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды

Атырауда есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Цифрлық өткізу» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.
Алынған заттардың жалпы салмағы 23 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі екені анықталды.
 
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы, 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.