18 желтоқсан күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері полиция аға сержанты Салтанат Урынбаева мен полиция майоры Айгүл Адракова бейнебақылау камерасы арқылы Атырау қаласындағы Алиев көпірінде белгісіз адамның секірмекші болғанын анықтайды. Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан көпір үстінде 45 жастағы ер адамның секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлесе бастаған.
Полицейлердің кәсіби әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізуде.