Атырау облысы аумағында 5 желтоқсан және 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Сапасыз және сертификатталмаған пиротехниканы пайдалану өртке немесе жарақат алуға, қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескерте отырып, сақтық шараларын білгеніңіз абзал!
- Тек арнайы дүкендерден пиротехниканы сатып алыңыз. Сертификаттары бар, қауіпсіздігі расталған өнімдерді таңдаңыз;
- Әрбір пиротехниканың пайдалану жөніндегі нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Ережелерді қатаң сақтаңыз;
- Адамдардан, ғимараттардан, ағаштардан және жанғыш заттардан алыс жерде пайдаланыңыз. Ашық алаңды таңдаңыз;
- Жарамдылық мерзімі өткен пиротехниканы қолданбаңыз;
- Балалардың отшашуды пайдалануына жол бермеңіз;
- Пиротехника бұйымдарын тұрғындар тыныштығын бұзып, қоғамдық орында пайдалану және арнайы рұқсатсыз сату немесе сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін қаперлеріңізге береміз.