Атырауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 600-ден астам шетелдік азамат анықталды

Атырауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 600-ден астам шетелдік азамат анықталды
3–17 желтоқсан аралығында республика көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың өңір аумағына келуін, олардың шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауға алып, ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген заңсыз көшіп-қонушылар мен құқықбұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
 
Айта кетейік, полицейлер жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 600-ден астам шетелдік азаматты анықтап, сот шешімімен әкімшілік жолмен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарды.