Арнайы қабылдау орындары мен айдауыл қызметінің жұмысын нығайтуға арналған жұмыс кеңесі өтті

Арнайы қабылдау орындары мен айдауыл қызметінің жұмысын нығайтуға арналған жұмыс кеңесі өтті
Атырау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Арнайы мекемелер және айдауылдау тобы айдауыл қызметінің, әкімшілік тәртіппен ұсталғандарға арналған Арнайы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторы мен қабылдап-тарату орындарының жұмысын ұйымдастыру және қадағалау мақсатында жұмыс кеңесін өткізді.
 
Кеңеске арнайы мекемелердің 30-ға жуық қызметкері қатысып, олардың қызметтік көрсеткіштері талқыланды. Жеке құрам арасында тәртіп пен жауапкершілікті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша тапсырмалар беріліп, ІІМ-нен түскен нұсқамалар таныстырылды.
Қазіргі уақытта Атырау қаласы полиция басқармасы мен Жылыой ауданы полиция бөлімінде Әкімшілік тәртіппен ұсталғандарға арналған Арнайы қабылдау орны жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Атырау қалалық полиция басқармасында 110 орындық жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, толыққанды жұмыс атқаруда.
 
Осы жылы қолданысқа беріліп, барлық талаптарға сай жабдықталған Қабылдап-тарату орнында 70 жатын орынға арналған 8 камера бар.
 
Айдауыл қызметі взводының жеке құрамы ҚР ІІМ бұйрықтарының талаптарын қатаң орындап, төтенше жағдайлардың (қашу, шабуыл жасау, өз-өзіне жарақат салу және т.б.) алдын алу мақсатында тұрақты бақылау мен тексеруден өтіп отырады. Арнайы мекемелер және айдауыл қызметі тобы тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар үнемі ұйымдастырылып келеді.