Атырау облысы, Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Інжу Калиева – бүгінде еліміздегі полиция саласында қызмет етіп жүрген үздік нәзік жанды мамандардың бірі. Ол тек кәсіби қызметімен ғана емес, өз өмір салтымен де өзгелерге үлгі бола білетін жан.
2018 жылдан бері учаскелік инспектор қызметін атқарып келе жатқан полицей күнделікті тұрмыстық жанжалдарды шешу, отбасындағы түсініспеушіліктердің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үлкен еңбек сіңіріп келеді. Әйел инспектор ретінде ол отбасындағы нәзік мәселелерге жанашырлықпен қарап, жағдаятты сабырға шақыру, әйелдер мен балаларға психологиялық қолдау көрсету, сенім қалыптастыру ісінде тәжірибелі маман.
Әйел-учаскелік инспекторлардың отбасылық жанжалдарды шешудегі сезімталдығы, балалар психологиясын терең түсінуі және күрделі жағдайларда түсіністік орната білуі – қоғам үшін маңызды.
Полиция қатарында осындай жан-жақты, табанды, жан жүрегімен қызмет ететін мамандардың болуы – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі.