Департаментте жеке құрамға әлеуметтік-құқықтық даярлық сабағы өтті

Департаментте жеке құрамға әлеуметтік-құқықтық даярлық сабағы өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 5 қарашадағы Жарлығы аясында Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Ешмановтың төрағалығымен жеке құрамға әлеуметтік-құқықтық даярлық сабағы өтті. Жарлықтың мемлекет дамуының стратегиялық бағдарлары, ішкі тұрақтылық пен қоғам бірлігінің басымдықтарын айқындайтыны, әділ, заңға бағынатын және жауапты мемлекетті қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдері түсіндірілді.
 
Сабақ барысында Ішкі істер министрлігіне заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Жарлық ережелерін кешенді түрде іске асыру міндеті жеткізілді. «Заң мен Тәртіп» қағидаты азаматтардың сенімін нығайтудың іргетасы екені, ал «Адал азамат» қағидаты әрбір қызметкердің адалдыққа, жауапкершілікке және Отанға беріктікке негізделген жеке және кәсіби ұстанымын қалыптастыруға бағытталғаны айтылды.
 
Сондай-ақ, 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары жұқпаның таралу жолдары, одан қорғану әдістері және дер кезінде анықтаудың маңызын талқылады.