«Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
1–7 желтоқсан аралығында Атырау облысы аумағында республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – жол қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылауды күшейтіп, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқықбұзушылықтарды анықтайды. Басты назар – көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеу дерегіне аударылады.
 
Құқық қорғау органдары барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.