7–9 қараша күндері Ресей Федерациясының Рязань қаласында қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионаты өтті. Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа әлемнің 22 елінен 154 спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Аталған әлемдік додаға Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары шеберлік танытып, ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, 73 келі салмақта полиция капитаны Қуандық Бекназаров қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды. 97 келі салмақта полиция капитаны Эльдар Мұхитов ІІ орынға ие болса, 67 келі салмақта полиция аға лейтенанты Елдар Отаралы ІІІ орынмен жарысты қорытындылады.