Атырау облысында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы басталды

Атырау облысында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы басталды
Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы бастау алды.
 
Акцияның ашылу рәсімі Атырау қаласындағы «Көлік және коммуникация» колледжінде өтіп, оған колледж студенттері, ұстаздар және Қ.Қайсенов атындағы №33 мектептің жас жол инспекторлары – «Сақшылар» жасақтары қатысты. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қатысушыларға жол қозғалысы қағидаларын сақтау, мектеп жасындағы балалардың жол үстіндегі қауіпсіз жүріс-тұрысы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тақырыптық көріністер көрсетті. Сонымен қатар арнайы жадынамалар таратылды. Апта бойы облыс полицейлері жергілікті органдармен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық және түсіндіру шараларын өткізеді.
 
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ болуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.