«Заң мен Тәртіп»: Атырау тұрғындары цифрлық сервисті белсенді қолдануда

«Заң мен Тәртіп»: Атырау тұрғындары цифрлық сервисті белсенді қолдануда
Атырау қаласында «Заң мен Тәртіп» цифрлық сервисі іске қосылған сәттен бастап полицияға азаматтардан Police 102” мобильді қосымшасы арқылы әртүрлі сипаттағы 571 хабарламалар келіп түсті. Оның ішінде “E-Gov Mobile” арқылы -219, “Kaspi.kz”- 131, “HalykBank” арқылы - 9, ОМС - 210 және басқа арналар арқылы -2 хабарламалар.
Қала тұрғындары полицияға тікелей жүгініп, құқық бұзушылықтар туралы хабарлаудың жаңа әрі ыңғайлы мүмкіндігін белсенді түрде пайдаланып келеді.
Түскен хабарламалардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу, жол-көлік оқиғалары және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты болды.
«Заң мен Тәртіп» сервисі тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді және азаматтарға құқық бұзушылықтар туралы хабарлаудың ыңғайлы әрі жедел түрін ұсынады. Барлық өтініштер тіркеліп, белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады.
Сервисті eGov Mobile және кейбір банк қосымшалары арқылы қолдануға болады. Ол үшін қосымшада «Заң мен Тәртіп» батырмасын таңдап, құқық бұзушылықтың түрі мен орнын көрсетіп, қысқаша форманы толтыру жеткілікті. Ақпарат автоматты түрде полицияға жолданады.
Айта кетейік, бұл цифрлық сервис азаматтар мен полиция арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтып, қоғамдағы ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.