12 қазан күні сағат 12:10 шамасында Ford Focus автокөлігі жүргізушісі Атырау қаласы, Геологопоисковая көшесі 7/4 үйдің тұсында ұялы телефонына алаңдап, көлік басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіндегі электр бағанасына соқтығысқан.
1993ж.т. қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591 бабы "Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы" және 610 бабы "...көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша хаттамалар рәсімделіп, іс-құжаттар жинақталуда.
Биыл жыл басынан Атырау қаласында патрульдік полиция қызметкерлерімен көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған 3007 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Полиция қызметкерлері, көлік жүргізушілерге, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды қолдануға болмайтындығын қатаң түрде ескертеді.