Атырауда бос орындар жәрмеңкесі өтті

Атырауда бос орындар жәрмеңкесі өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Атырау облысы полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы мен Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
 
Іс-шара барысында азаматтарға полиция қызметінің артықшылықтары мен әлеуметтік жеңілдіктері туралы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда:
 
• ай сайынғы тұрақты еңбекақы;
• тегін медициналық көмек;
• тұрғын үйді жалға алу үшін ақшалай өтемақы;
• жыл сайын 45 тәуліктен тұратын ақылы еңбек демалысы;
• мемлекет тарапынан ипотекалық несие рәсімдеу арқылы тұрғын үй алу мүмкіндігі;
• Атырау облысы аумағында бір жыл қызмет атқарғанның еңбек өтілі жеңілдікпен бір жарым жылға есептелуі;
• зейнеткерлікке ертерек шығу құқығы;
• тегін нысанды киіммен қамтамасыз етілу.
 
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке кіретін азаматтар – қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тестілеуінен өтпей-ақ қабылданатыны атап өтілді.
 
Қойылатын талаптар:
• 18 жастан 35 жасқа дейінгі;
• денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамды;
• орта, орта-арнаулы немесе жоғары білімі бар Қазақстан азаматтары.
 
Ішкі істер органдары қатарында қызмет атқаруға ниет білдірген үміткерлер төмендегі мекенжайға хабарласа алады:
 
📍 Мекенжайы: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 55;
📞 Байланыс нөмірлері: 98-24-44, 98-21-77.