Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еңбек адамының қоғамдағы беделі мен абыройын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына сай, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметке лайық. Еңбекқорлық пен кәсібилік қоғамда жоғары бағалануы тиіс, ал өз ісін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырып, ел дамуына үлес қосады», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтарының жылы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау және дамыту ісіне үлес қосқаны үшін Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың Алғыс хатымен Атырау облысы полиция департаменті Тергеу басқармасы кеңсесінің жетекші маманы Анар Нұрғалиеваны және Атырау облысы полиция департаменті Жылыой аудандық полиция бөлімі ақпараттық саясат тобының аға инспекторы полиция майоры Гульвира Кайбагарованы марапаттады.
- Мемлекеттік тіл – ұлтымыздың рухани қазынасы, елдігіміздің айнасы. Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту арқылы біз халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, жұртшылыққа жақындай түсеміз. Сондықтан әрбір полицей мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, қызметінде қолдануға басымдық беруі тиіс, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.