Атырау облысы полиция департаменті Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Әділ Үмбетқалиев қоғамдық тәртіпті сақтау мен халықтың тыныштығын қамтамасыз ету жолында адал еңбек етіп, облыс көлемінде өткен «2025 жылғы Үздік маман» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік – оның қызметтегі табандылығы мен кәсібилігінің ғана емес, ата-анасының берген өнегелі тәрбиесінің жемісі. Осыған орай, Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың Алғыс хатын Әділ Үмбетқалиевтің ата-анасына табыс етті.
- Әрбір тәртіп сақшысының жетістігінің артында оның ата-анасының еңбегі, отбасының қолдауы тұрады. Осындай өнегелі тәрбиенің арқасында Әділ секілді абыройлы азаматтар қалыптасып, елге адал қызмет етіп жүр. Бұл марапат – ата-аналарға деген алғыс пен құрметтің белгісі, – деді департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев.