Атырауда 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктер тапсырылды

Атырауда 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктер тапсырылды
Конституцияға отыз жыл толуына орай Атырау қаласында 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктерді табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Алғашқы ресми құжаттарды жас азаматтарға тәртіп сақшылары табыстады.
 
- Жеке куәліктің алғаш рет берілуі – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды қадам. Бұл жастардың құқықтық мәртебесін айқындап қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған іс-шара. Жеке куәлік – тұлғаның жеке басын растайтын алғашқы ресми құжат. Ол ересектікке қадам басудың символы әрі өмірдің жаңа кезеңінің бастауы болып саналады. Осындай маңызды сәтте жасөспірімдеріміздің жанында болу біз үшін зор мәртебе, – деді тәртіп сақшылары.
 
Көші-қон қызметі жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, мемлекеттік рәміздер мен ресми құжаттарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.