Оқу жылының басталуы қарсаңында балалар мен жасөапірімдерді тұрақты тұратын және оқитын орындардағы көлік ортасына бейімдеу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында 25 тамыз және 10 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Абайлаңыз - балалар!» акциясы өткізілуде.
Акцияның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.