Азаматтардың өтініштеріне дер кезінде назар аударып, құқық қорғау органдары жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты басымдықтарының бірі. Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында тұрғындар өтінішімен жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл кездесулер азаматтардың сұрақтарына жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталған.
Кезекті жеке қабылдау барысында Атырау облысы полиция департаменті «Biz de adambyz» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мақсат – пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан босап шыққан азаматтарды қайта қоғамға бейімдеуге көмектесу. Сонымен қатар қабылдауға келген тұрғындар өздерінің түрлі өтініштерін жеткізіп, құқықтық мәселелер бойынша жауап алды.
Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы тұрғындарды әр сәрсенбі күні қабылдайды. Ал департамент бастығының орынбасарлары азаматтарды жұмыс күндері күн сайын қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 98-20-10, 98-20-57. Сондай-ақ өтінішті «eOtinish» жүйесі арқылы да жолдауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысы полиция департаменті басшылығының қабылдауында 336 азамат болды. Оның ішінде департамент бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев 39 азаматты жеке қабылдап, олардың түрлі сипаттағы өтініштері мен мәселелерін тыңдады.