Қазіргі таңда қала аумағында мопед, самокаттар, скутерлер кеңінен пайдаланылып келеді. Алайда, көліктің бұл түрін жүргізген кезде жүргізушілердің көбі қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамай, жолдарда апатты жағдайлар мен қайғылы оқиғаларға себепші болуда.
Осыған байланысты мопедті басқару кезінде жылдамдық режимін азайтып, жол ережесін қатаң сақтаңыз. Қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолданыңыз. Жасөспірімдердің мопед көлік құралын басқаруына жол бермеңіз. Самокат пен мопедті жол қозғалысына кедергі келтірмей арнайы орындарға қалдырыңыз.
Әрбір жүргізуші жол ережесін қатаң сақтаса, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, өз өмірі мен өзгенің өмірін сақтай алады.