Мақат ауданында күдіктіден 120 грамм марихуана тәркіленді

Мақат ауданында күдіктіден 120 грамм марихуана тәркіленді
22 шілде күні Мақат ауданы полиция бөлімі мен Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мақат ауданына қарасты Доссор кентінің көпқабатты үйлерінің бірінде есірткі затын пайдаланды деген күдікпен 52 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түстес өсімдік заты салынған 3 орама табылып, тәркіленді. Аталған заттар 120 грамм болатын «Марихуана» өсімдігі екені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.