Жол қателікті кешірмейді!

Жол қателікті кешірмейді!
Атырау облысы аумағында жүргізушілердің жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері азаяр емес. Жыл басынан бері 145 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 49 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғаларының басты себептері — жүргізушілердің автокөлік жылдамдығын шамадан тыс асыруы, қарсы жолаққа шығуы, жаяу жүргіншілерді жолдан өткізбей қағып кетуі, сондай-ақ маневр жасау ережелерін өрескел бұзуы.
 
Айта кету керек, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес, көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының ең ауыр жазасы — бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру.
 
Барлық жүргізушілерді көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болып, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, ал жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын естен шығармауға шақырамыз.