Лотос алқабындағы туристердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде

Лотос алқабындағы туристердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде
Атырау облысы Құрманғазы ауданы аумағындағы Қиғаш өзені бойында әлемде сирек кездесетін лотос гүлдерін тамашалау үшін күніне 100-ден астам туристер мен демалушылар, оның ішінде шетелдік қонақтар да келуде.
Табиғаттың сұлулығын барынша қауіпсіз әрі жайлы жағдайда тамашалауы үшін Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері су жағасында күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын мұқият қадағалауда. Сонымен бірге, олар әрбір турист пен демалушының өзін қорғалған әрі жайлы сезінуіне жағдай жасап, олардың демалысының жағымды әрі есте қаларлық өтуіне үлес қосуда.
Басты мақсат – судағы төтенше жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз әрі жағымды демалысын қамтамасыз ету.