Атырауда күдіктіден 16 келіден астам қарасора тәркіленді

Атырауда күдіктіден 16 келіден астам қарасора тәркіленді
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы кезінде қарасора өсірген және кептірілген өсімдік заттарын сақтаған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 45 дана есірткі өсімдігі және және тоңазытқыштан ерекше иісі бар кептірілген өсімдік заттары табылып, тәркіленді. Алынған заттар салмағы 16 келіден асатын қарасора екені анықталды.
 
Аталған дерек ҚК-тің 300 – бабының 3 – бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ҚПК-тің 128-бабы бойынша қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.